«Бірлігіміз әралуандылықта»
Достық үйіне саяхат
2024 жылдың 6 маусымында «Бірлігіміз әралуандылықта» жобасын жүзеге асыру аясында «Қоғамдық келісім» КММ Көкшетау қаласы №14 мектептің оқушыларына экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия жетекшісі ҚХАА мүшесі Антипова Вероника Андреевна Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, оның қоғамдық құрылымдарының, облыстық Достық үйінің қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметі туралы айтып берді.
Экскурсия барысында оқушылар этномәдени бірлестіктердің кабинеттеріне барып, Ақмола облысында тұратын этностардың тұрмыстық заттарымен, ұлттық киім элементтерімен, олардың мәдениетін көрсететін экспонаттармен танысты.
Орыс этномәдени орталығының кабинетінде оқушылар орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына орай ақынның өмір жолы, бейтаныс шығармаларымен танысты және өздеріне таныс өлеңдерін оқыды.