«Отбасым-қазынам» атты мерекелік іс-шара

Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ-де Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтетін Отбасы күні мерекесіне орай «Отбасым-қазынам» атты арнайы мерекелік іс-шара өткізілді.

Алғысөзді бастаған Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева барша қауымды аталмыш мерекемен құттықтады.

 

Ақмола ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ-нің төрағасы Мейрамбек Қиықов, яғни Қиықовтар отбасысы облысымыздың ең үлгілі отбасыларының қатарында ерекше марапатқа ие болды.