Қарттарым – асыл қазынам!

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету — ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Олардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының орны ерекше. Халықаралық қарттар күні – ең дана әрі қымбат адамдарға тағы да назар аударатын күн.

Аға үрпақтың өкілдерін осынау жарқын мерекемен құттықтауға арналған іс-шара «Қоғамдық келісім» КММ-де 4 қазан күні ұйымдастырылды. Кездесуге келген үлкендерге мекеме басшысы Е.Нұғыманов ізгі тілегін арнап, құттықтады. Қонақтарға дастархан жайылып, Бағдат Асылбековтың орындауындағы бірнеше әннен шашу шашылды.

Қарттар қызықты кешті ұйымдастырған мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне және дастархан жаюға атсалысқан армян этномәдени орталығының белді мүшесі Н.Магламянға өз ризашылығын білдіріп, көңілді күйде тарқасты.

Top