«Менің Отаным – Менің Қазақстаным»
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Жақсы ауданында «Менің Отаным – Менің Қазақстаным» облыстық конкурсының аудандық кезеңі өтті.
Байқауға 12 сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қатысты, олар көркем суреттер, былғарыдан, киізден, металдан және ағаштан жасалған бұйымдар ұсынды. Байқау жеңімпаздары «Қоғамдық келісім» КММ алғыс хаттарымен, естелік сыйлықтармен марапатталды.