Жолдау іс-қимылға шақыру
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа жолдауын жасады. Жолдау атауының өзі көп нәрсені айтып тұрғанын атап өткен жөн.
Бүгін бәріміз еліміздің барлық саласында орын алып жатқан оң өзгерістердің куәсі болып отырмыз. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев еліміздің және әрқайсымыздың алдымызға міндеттер қойды, оларды орындау атқарушы биліктің барлық органдары мен бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Жер бетінде жұмыс істейтін біздердей адамдар үшін бұл нақты іс-әрекетке шақыру болды. Құжаттың әлеуметтік және экономикалық бағытына жоғары мән бере отырып, біздің шаруа қожалығымыздың мүшелері мемлекет басшысының Жолдауында қойылған жаңа міндеттерді шешу жолында бар күш-жігерін жұмсауға дайын.
Қ. Тоқаев өңірлердегі аграрлық секторды дәстүрлі қолдау мәселесінде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге назар аударуды тапсырды.
Мен Жолдаудың біздің үлкен және көп ұлтты халқымыздың барлық топ өкілдері арасында қызу пікір мен қолдау тудырғанына сенімдімін. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы бүгінде мемлекет азаматтарын толғандыратын көптеген сұрақтарға жауап болып табылады. Мысалы, зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алу, емделу немесе қаржы компанияларын басқаруға беру үшін пайдалану мәселесі. Бұл қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартудағы тағы бір жақсы қадам деп білемін. Біздің мемлекетіміздің саясатын қолдаймын. Алдымызда тұрған барлық міндеттер лайықты шешімін табу қажет. Президент Қ. Тоқаевтың Жолдауы Қазақстанның болашақта дамуында маңызды рөл атқарып, ел осы Жолдауды басшылыққа ала отырып, үлкен жетістіктерге жететініне кәміл сенемін.
Мусханов Ж.В. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі,
ЖШС «Сандыктау» директорі