«Аналар кеңесінің әйелдер және саяси көшбасшылық мектебі»

Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ бір аптаға созылған ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің «Ақмола облысындағы әйелдер күштері Альянсы» ЗТБ-мен «Аналар кеңесінің әйелдер және саяси көшбасшылық мектебі» атты бірлесіп өткізген 7 күндік оқыту мектебі өз мәресіне жетті.
Кәсіптік бағдар беру, этикет мамандары, тренерлер, өз ісінің шеберлері «Көпшілік алдында сөйлеудің құпиялары», «Іскерлік стиль және имидж», «Әйел көшбасшы ретінде», «Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт – тіл» және т.б. тақырыптарда теренингтер өткізді.
Оқыту мектебінің нәтижелері бойынша қатысушылар әр саладағы өздерінің білім деңгейлері мен практикалық дағдыларын, коммуникация және стрессті басқару, шешендік және өзін-өзі таныстыру, мобилография негіздері, көшбасшы әйелдің имиджін қалыптасыру дағдылары мен білімдерін арттырды және алдағы уақытта «Ақмола облысындағы әйелдер күштері Альянсы» «Қазақ тілін оқыту» курсының ашылуын жоспарға алды.
Оқыту мектебіне қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды.