Аналар кеңесі мектепке бала тәрбиесі мәселесімен көмектеседі

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Көкшетау қаласының Аналар кеңесі отбасылық құндылықтарды насихаттаумен, неке және отбасы институтын нығайтумен белсенді айналысады. Оның құрамында әр түрлі мамандық иелері – мұғалімдер, психологтар, дәрігерлер, қоғамдық медиаторлар, халық қолөнершілері бар. Оларды мектепке, ата-аналарға бала тәрбиесінде білікті көмек көрсету ортақ мақсаты біріктіреді.

Кеңестің кезекті отырысы Аналар кеңесі қызметінің Тұжырымдамасының жобасын әзірлеуге арналды. Жоба жалпы білім беретін мектептерде Аналар кеңесін құруды, оның ата-аналармен және оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізуде қалалық білім бөлімімен тығыз байланысын орнатуды көздейді.

Төрайымы Найля Сейдалинаның айтуынша, мектептердегі Аналар кеңесі мұғалімдерге тәрбие процесінде көмектесуге, ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыруға, медиаторлар мен психологтарды тарта отырып, ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы жанжалды жағдайларды шешуге арналған. Кеңес сонымен қатар оқу орындарында қыздар клубтарын құруды жоспарлап отыр.