Болашақ сарайындағы аналар кездесуі
19 қазанда «Болашақ сарайында» «Мүгедек адамдардың және олардың заңды өкілдерінің құқықтары мен жеңілдіктері» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты: мүгедек адамдардың, соның ішінде балалардың құқықтары мен жеңілдіктері туралы ақпарат тарату.
Кездесуді «Инклюзивті ата-аналар» қоғамдық қоры (қор президенті-Махаббат Қасымова) ұйымдастырды. Шараға Ақмола ҚХА Көкшетау қ. Аналар кеңесінің төрайымы Найля Сейдалина қатысты.
Диалог алаңында мүгедек балалардың проблемалары мен құқықтары бойынша презентациялар, бейнематериалдар, егжей – тегжейлі есептер көрсетілді.
Осы сала мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, өздерінің пікірлері және ұсыныстарымен алмасты.