КТИ курсанттарының Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы өкілдерімен кездесуі
А.ж. 3 мамыр күні Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының ұжымы қонақтарды қарсы алды. «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ төрағасы А. Артеменко және «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ төрағасы У. Шоназаров Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қызметі туралы баяндап, 1 мамыр мерекесін атап өтуден алған әсерлерімен бөлісіп, Ұлы Жеңіс күнін атап өтуге арналған жоспарлары жайлы әңгімеледі.
Кездесу қорытындысы бойынша ҚХАА жастар қанатының КТИ спорттық іс-шараларына қатысуы маңызды болып табылатын ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылданды. Біздің достығымыз жылдан жылға берік болады деп үміттенеміз!