Тоқыма тоқу – ертеден келе жатқан қолөнер түрі…

Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ «Сақтаушылар-мұрагерлер-жасаушылар» жобасы аясында ҚХАА жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлелерінің қатысуымен «Ализе жіптерімен бұйым тоқу» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатының жетекшісі Гирник Татьяна тоқу түрлерінің әртүрлі өрнектерін көрсетті.
Тоқыма тоқу – ертеден келе жатқан қолөнер түрі. Бұл өнерді меңгеріп алған адам қалаған уақытта өзіне не жақынына сый тарта алады.