Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптық топ туралы ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
1.1. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптық топ (бұдан әрі – ҒСТ) тұрақты әрекет ететін кеңесші-аналитикалық орган болып табылады.
1.2. Ғылыми-сараптық топ өзінің қызметінде Конституцияны, Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, облыс әкімінің шешімдері, сондай-ақ аталмыш Ережені басшылыққа алады.
- Ғылыми-сараптық топтың міндеттері
2.1. ҒСТ негізгі міндеттері:
1) демократияның дамуындағы, қазақстандық қоғамның тұтастығын нығайтудағы саяси және азаматтық институт ретіндегі жалпы ұлттық келісімге қол жеткізудегі ҚХАА рөлін күшейтуге жәрдемдесу;
2) облыстағы этносаяси, әлеуметтік-экономикалық және конфессиялық даму үрдісін кешенді сараптамалық бағалау, өңірде осы үдерістердің дамуын болжау;
3) этносаясаттың маңызды бағыты бойынша ҚХАА қызметін сараптамалық сүйелмелдеу.
- Ғылыми-сараптық топтың функциялары
3.1. Аталмыш ережемен анықталған маңызды міндеттерді жүзеге асыру үшін ҒСТ келесі қызмет атқарады:
1) ҚХАА облыста болып жатқан ғылыми-сараптамалық бағалаудан тұратын ақпарат және материалдармен, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық саяс атты дамытудың негізгі бағыттары бойынша ақпарат және материалдармен қамтамасыз етеді;
2) әзірлеу кезінде Ақмола ассамблеясы құзыретіне жататын мәселер бойынша облыстық ұзақ мерзімді және орта мерзімді мемлекеттік бағдарламалар және басқа да нормативтік құқықтық актілерге талдау және сараптамалық бағалауды жүзеге асырады;
3) ҚХАА ғылыми жұртшылықпен байланысын нығайтуға, оның қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және ғылыми басылымдарда жариялауға жәрдем көрсетеді.
- Ғылыми-сараптық топтың құрамы мен құрылымы
4.1. ҒСТ төрағадан, орынбасардан, хатшыдан және ҒСТ мүшелерінен тұрады.
4.2. ҒСТ төрағасы, орынбасары, хатшысы және мүшелерінің міндеттерін атқаруы қоғамдық бастамамен жүзеге асырылады.
4.3. ҒСТ құрамына келісім бойынша облыстық мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар мен мамандар кіреді. ҒСТ құрамына үміткерлер ҒСТ мүшелерімен кіргізіледі және Отырыстарда ашық дауыс берумен сайланады.
4.4. ҒСТ артылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру мақсаттарында секциялар құрылып, олардың қызметтерінің негізгі бағыттары анықталады. ҒСТ төрағасы секциялар қызметінің бейіні бойынша, олардың саны мен басшыларының үміткерлігі бойынша ұсыныстар енгізеді.
- Ғылыми-сараптық топ қызметін ұйымдастыру
5.1. Ғылыми-сараптық топт облыс әкімімен, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасымен құраылып, қайта ұйымдастырылып, таратыла алады.
5.2. Аталмыщ Ереже ҚХАА төрағасымен бекітіледі.
5.3. ҒСТ шешімі ұсыныс сипатында қабылданады.
5.4. ҒСТ отырыстары қажет болған жағдайда (жылына 2 реттен кем емес) өткізіледі.
5.5. Шешім ҒСТ мүшелерінің дауысқа салуымен қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Ғылыми-сараптық топ төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
5.6. ҒСТ төрағасы:
1) ҒСТ қызметіне жалпы басшылық жасайды және үйлестіреді, топтың отырысына төрағалық етеді;
2) оның негізгі бағыттарын анықтап, жұмысын ұйымдастырады;
3) ҒСТ қызметін жоспарлап, отырыстар өткізеді, ұйымдастырылған конференция, пікірсайыс және де басқа іс-шаралар жұмысын басқарады;
4) орталық және өңірлік мемлекеттік билік органдарымен, ұйымдар және лауазымды тұлғалармен, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ҒСТ құзыреті мәселелері бойынша өзара іс-әрекетті жүзеге асырады.
5.7. ҒСТ хатшысы:
1) ҒСТ жұмысын ұйымдастырушылықпен қамтамасыз етеді, оның хаттамаларын ресімдейді, топтың отырысында жұмыс материалдарын дайындайды, топтың жұмыс жоспарын жүзеге асыруды бақылауды қамтамасыз етеді;
2) ҒСТ мүшелеріне жиналыстың өтуі туралы хабарлайды, оның жұмысына қажетті материалдарды сұратады.
5.8. ҒСТ мүшесі құқылы:
1) ҒСТ қызметіне белсенді қатысу;
2) ұлтаралық қатынастар, ұлттық бірлік және қоғамдық келісім мәселелерін талқыға салуға;
3) сараптық жұмысқа қатысуға, ғылыми зерттеулер бойынша қорытындылар мен ұсыныстар дайындауға;
4) ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін дамыту бойынша ақпараттық жұмысқа белсенді қатысуға;
5) белгіленген тәртіпте қызмет мәселері бойынша ассамблеяның мәліметтер банкін пайдалану;
6) ҒСТ қызметінің дамуына жәрдемдесуге.
5.9. ҒСТ жұмыс органы ҚХАА Хатшылығы болып табылады. Ақмола ассамблеясы Хатшылығы аналитикалық және сарапшылық жұмыстар үшін, әлеуметтік сұрастыру мен зерттеулер өткізу үшін шеткі ұйымдардың мамандарын, сарапшыларын, ғалымдарын, саясаткерлерін, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшыларын, БАҚ қызметкерлерін, сонымен қатар ҒСТ мүшелері болып табылмайтын т.б адамдарды келісім негізінде тарта алады.
5.10. ҒСТ төрағасының тапсырмасы бойынша оның мүшелері іссапарларға осы мақсаттарға қарастырылған бюджеттік қаражат есебінен және ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін дамытуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жіберіле алады.
5.11. ҒСТ қызметі туралы есеп ағымдық күнтізбелік жылдың соңында жылына 1 рет ұсынылады.