Этносаралық қатынастар
Бүгін этносаралық шиеленістер мен жанжалдардың туындауының алдын алу мақсатында «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері: талдау және мониторинг бөлімінің басшысы А. К. Раев пен ҚХАА құрылымдарымен жобаларды іске асыру және жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Р. Е. Ыдырысова Біржан – сал ауданы Степняк қаласының білім беру, мәдениет саласының еңбек ұжымдарымен және қала тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қатысушыларға этносаралық қатынастар саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жеткізілді, ҚР ҚК 174 және 180-баптары бойынша жауапкершілік, этномедиацияның этносаралық қақтығыстарды шешудегі рөлі, сондай-ақ қоғамдық келісім мен азаматтық бірегейлікті нығайту жөніндегі тиісті ақпарат түсіндірілді.