Тәуелсіздік бәрінен де қымбат!
Бүгін Астана қаласында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған жолдауында айтылған басымдықтарды қоғам арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Қазақстан халқының бірлігі Достық» атты республикалық байқауының салтанатты марапаттауы өтті.
Жобаның мақсаты – тәуелсіздік жылдары халқымыздың татулығына елеулі үлес қосып, еліміздің дамуына еселі еңбек етіп жүрген адамдарды қоғамға кеңінен насихаттау және жастарға үлгі ету.
Байқауға ұсынылған үміткерлердің ішінде «Қоғамдық келісім» КММ басшысының м.а. Айгүл Нұрмағанова, ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Айнұр Жахина, ҚХАА жанындағы Көкшетау қаласы бойынша Аналар кеңесінің төрайымы Найля Сейдалина және ҚХАА жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Одағының төрайымы Гүлбара Нұрқанова жеңімпаз атанып, «Қазақстан халқының бірлігі Достық» төсбелгісі және Бірінші дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Құттықтаймыз!!!