«Әже тәрбиесі – ұлылықтың дәні» жобасы
Бүгін Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Одағының төрайымы Гулбара Нұрқанова «Әже тәрбиесі – ұлылықтың дәні» жобасы аясында «Дана бала» жазғы туристік этнолагерь балаларына «Ұршық иіруден» шеберлік сағатын өткізді.
Аталған іс-шара қазақ халқының ұмытылып бара жатқан ұлттық қолөнерін қайта жаңғырту, жүнді өңдеу, оны ұршықпен иіру арқылы жіп алуға болатынын, жіптен түрлі бұйымдар жасауға болатынын насихаттау мақсатында өткізілді.
Бесік жырын айта алмайтын аналарымыз бен өзінің немересіне ертегі айта алмаған әжелеріміздің де бала кездерінде бесік жыры мен ертегіге сусындап өспегені айдан анық. Ауыл үлкендерінің жанында жүріп, олардың өнегелі әңгімесін тыңдап, ертегіге құлақ құршынын қандырып, қанатына жан бітіріп өскен баланың сана-сезімі басқалардан ерекше болып қалыптасқанымен қоймай, олар өзінің келер ұрпағының бойына дарыта сіңірген өнегелі әңгілмелерімен, ұлттық қолөнері мен таңғажайып ертегілерін паш етіп тәрбиелер еді.