«Этносаясат: өңірлік тәжірибе»
А.ж. 9 қыркүйегі күні Қоғамдық келісім сарайында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марзият Тохаева Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының курс тыңдаушыларына «Этносаясат: өңірлік тәжірибе» тақырыбында дәріс оқып берді.
Дәріс аяқталғаннан кейін курс тыңдаушыларына (облыстық басқармалардың, аудандық және қалалық әкімдіктердің бөлім басшыларына) «Қоғамдық келісім» КММ-дегі этномәдени бірлестіктердің кабинеттерін таныстыру эскурсиясы ұйымдастырылды.