Облыстық ассамблеяның ақпараттық тобы аудандарда
Ағымдағы жылдың 22 тамызында Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ақпараттық-түсіндіру тобы Бұланды және Біржан сал аудандарында жұртшылығымен кездесуі өтті.
Топ құрамына ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшылары енді.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Ермек Нұғыманов тыңдаушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың жаңа Тұжырымдамасымен таныстырып, ҚХА өз қызметін қайта форматтағанын атап өтті. Қазіргі уақытта оның мәдени-бұқаралық іс-шаралардан жұмысында басты назар ағартушылық қызметке, ұлттық бірегейлік пен халық бірлігін нығайтуға, мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамытуға аударылды. Бұдан әрі облыстық Достық үйінің Ресурстық орталық және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық жобаларын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсе ретіндегі жұмысы туралы айтып берді.
Сөз сөйлеген «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Марат Қойшин және ҚХАА жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының басшысы Гүлбара Нұрқанова мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау, түрлі этникалық топтар өкілдерінің арасында қазақтардың тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, өнері мен тұрмысы туралы білім қалыптастыру жөніндегі қоғамдық құрылымдардың қызметі туралы айтып берді.
Макинск қаласында ҚХАА қоғамдық құрылымдарының белсенді мүшелері Ақмола ассамблеясы хатшылығының Алғыс хаттарымен марапатталды.