Тілдер онкүндігі
Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде «Қоғамдық келісім» КММ-де тілдер онкүндігінің ашылуы өтті. Достық үйі басшысының орынбасары А.М. Раисов Тілдер күні бойынша ақпаратпен алғы сөз сөйледі.
Шара барысында Достық үйінің мамандары Р.Б.Мазденова, Д.Т.Какпенова, Ақмола облысы поляктар бірлестігінің төрайымы Н.М.Нагачевская және басқалар сөз сөйлеп, тілдер онкүндігі аясында өтетін іс-шаралар туралы айтып берді.
Бұл интернет-акциялар, домбырашылар байқауы, түрлі этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді үйрену курстарының ашылуы, “Шаңырақ” оқыту клубында ана тілін үйрену бойынша ашық сабақтар өткізу, тақырыптық бейнематериалдар шығару және т.б.
Онкүндік шеңберінде 3 қыркүйекте Достық үйінде студент жастар арасында қазақ тілінен ашық диктант өтті. Онкүндік Достық үйінің жанындағы ашық алаңда мерекелік фестивальмен аяқталады.