«Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасы

«Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасы аясында 20 қыркүйек күні «Қоғамдық келісім» КММ Көкшетау қаласының Аналар кеңесі 24-ші «Көкшетау аруы» өңірлік байқауының қатысушылары арасында шығармашылық тур өткізді. Іс шараға Аналар кеңесі мүшелері мен «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері қатысты.

Ұйымдастырылған бұл шығармашылық жоба жас қыздың сұлулығын, шығармашылығын, қадір-қасиетін насихаттайды. Тамаша шығармашылық көркемөнерпаздар біздің жастардың қаншалықты талантты екенін көрсетті, қойылымдарды қазылар алқасы жоғары бағалады. Аналар кеңесінің мақсаты – әйел мәртебесін көтеру, шығармашылық бастамаларды дамытуға көмектесу және әйелдерде көшбасшылық қасиеттерді дамыту.