«Чинсон» балалар мерекесін ұйымдастырды
Жаңа жыл қарсаңында «Чинсон» кәріс этномәдени орталығы облыстық Достық үйінде балаларға Рождество мен Жаңа жыл мерекесін ұйымдастырды.
Ұйымдастырушылар – қоғамдық бірлестік төрағасы Ольга Лян және корей тілі пәнінің мұғалімі Лейла Қасқұлақова балалар арасында ана тілі мен корей мәдениетін білу бойынша сайыстар ұйымдастырып, интеллектуалдық ойын өткізді.
Ал лотереясыз жаңа жыл қалай болады. Балалар барлық жарыстар мен ойындарға қуана қатысты. Жеңімпаздарға тәттілер мен корей тіліндегі кітаптар сыйға тартылды.
Мереке ұлттық әйелдер мен ерлер киімдерін көрсетумен көңілді әрі тартымды өтті.
Кездесу ортақ шай ішумен аяқталды, мерекеден кейін балалар өздерінің этностарының тілін және мәдениетін үйренуге жақсы ынталандыру алып, тамаша көңіл-күймен тарқасты.