Қайырымдылық акциясы

Ағымдағы жылдың 20 ақпанында Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар шеңберінде «Вайнах» Ақмола облыстық шешен-ингуш қоғамының мүшелері Көкшетау қаласы халқының аз қамтылған топтарын қолдау үшін қайырымдылық акциясын өткізді.

Бұл акция 23 ақпан шешендер мен ингуштердің Қазақстанға жер аударылу күнімен тұспа-тұс келді. Акция барысында түрлі этностардың 80 отбасы қоғамдық бірлестіктен азық – түлік жиынтығын-ет, ұн, макарон, күнбағыс майын және т. б. алды.