Архивы автора: Nulifar Tursimetova

«Біртұтас қоғам: келісім және сенім»

8 қазанда Ақмола облысына ҚХА төрағасының орынбасары Лугмар Буларов және ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймульдинов келді.
Сапардың мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» жобасын іске асыру. Лугмар Харкиевич және Қайрат Дүйсембайұлы Достық үйінің жұмысымен танысып, жобаның мақсаты, мемлекет пен қоғамның өзара сенім мәдениетін, жалпыұлттық құндылықтарды, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетудің маңыздылығы, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту туралы әңгімеледі.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілі, саясаттанушы Руслан Тоқатов Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшыларымен, мемлекеттік қызметшілермен, денсаулық сақтау мекемелерінің, құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлерімен және мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлермен тақырыптық семинар-тренингтер өткізді.
Жалпы кездесулер сындарлы диалогта, пайымды пікір алмасу жағдайында өтті.
Сондай-ақ, делегацияның Степногорск қаласы мен Шортанды ауданына баруы жоспарланған, онда этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен, мемлекеттік қызметшілермен, денсаулық сақтау мекемелерінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен және мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлермен кездесу өтеді.

“Асыл аналар” қоғамдық бірлестігі

Ақмола облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, “Асыл аналар” қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, Анаргүл Қайыржанқызы Мухамедрахимова көп балалы аналарды қолдау мақсатында, көпбалалы аналармен бірлесе, олардың қолдан жасаған бұйымдарын сататын павильон ашты.
Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімнің орынбасары Алтынай Әміренова қатысты.
Айта кетейік, бұл Көкшетау қаласы бойынша ашылып отырған екінші сауда орны.

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы

Бүгін Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы мен Ақмола облысының ЖРО бірігіп “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының аясында қалалық сенбілікке қатысты. Олар қала көшелерін қоқыстан тазартып, Көкшетаудың әсем келбетін сақтап, тазартуға ат салысты

«СИҚЫРЛЫ ОРАМЖІП»

«Қоғамдық келісім» КММ-де Ақмола ассамблеясы жанынын құрылған сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Одағының қолөнершілері арасында «СИҚЫРЛЫ ОРАМЖІП» байқауы өтті.
Аталмыш байқауға барлығы 7 шебер қатысты, олар үйге берілген тапсырма бойынша дайындаған жұмыстарын әділ қазыларға ұсынды.
Қорытынды шешім бойынша 1 орынды Сулейменова Алтын жеңіп алды, 2 орынды Нурканова Гульбара, 3 орынды Кочетыгова Олеся иеленді. Қалған қатысушылар жеке номинациялар бойынша бағаланып, алғыс хаттармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Құм, саз балшық терапиясы секілді тоқыма тоқудың да денсаулыққа көл-көсір пайдасы бар көрінеді. Ғалымдардың дәлелдеуінше, күнделікті күйбең тірліктен бойыңды әлсіздік, көңілсіздік, күйзеліс билеген сәтте осы істі қолға алсаң және гипетоникалық аурулардың алдын алу мақсатында дәрігерлердің өзі тоқыма тоқудың анда- санда ерекше серпіліс беретінін айтады. Тіпті, жүйке жүйесі, жүрек-қан тамырларын жақсарту үшін анда- санда тоқыма тоқуға кеңес береді.
Олай болса, пайдалы іспен айналыса отырып, денсаулығымызды жақсартайық!

Журналистер клубының отырысы

А.ж. 27 маусымында «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының отырысы өтті Клуб отырысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшы м.а. Айгүл Нұрмағанова ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында этносаралық тақырыпты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша журналистердің алдына қойылған міндеті туралы айтып, БАҚ-тың Ассамблея үшін маңыздылығын атап өтті .
Клуб төрайымы, аудандық «Зерен» газетінің редакторы Светлана Ким қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру туралы айтты. Ол бүгінгі таңда баспа БАҚ-тардың бәсекелес ортада екенін, оқырмандар үшін интернет басылымдарымен, атап айтқанда, оқырманға ақпаратты тез, бірақ көбінесе тексерілмеген, сенімсіз ақпаратты жеткізетін блогерлермен күресетінін атап өтті.
.Дөңгелек үстел барысында журналистер аталған сұрақтар бойынша пікір алмасты.
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Клубтың белсенді мүшелері Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Балшықтан жұмыс жасау»

Достық үйінде «Балшықтан жұмыс жасау» тақырыбында ҚХАА жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Одағының мүшесі Елена Полехинаның жетекшілігімен шеберлік сағаты өтті.
Балшық – бұл табиғи материал, онымен жұмыс істеу соңғы уақытта танымал бола бастады. Өз қолыңызбен жасалған саз шедеврі көптеген жылдар бойы естелік ретінде сақтала отырып, жақын адамдарыңыз бен туыстарыңызға сыйлық ретінде қызмет ете алады.
Қатысушылар саздың түрлерімен, балшықты дайындау әдістерімен және сылақ монограммалармен безендірілген жүрек пішінді табақты жасау техникасымен танысты.