Архивы автора: Abeke

ҚХАА Медиация кеңесінің қорытынды отырысы өтті

3 қарашада Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Медиация кеңесінің қорытынды отырысы өтті. Кездесу Z00M конференциясы форматында өтті.
Отырыс барысында «Қоғамдық Келісім» ҚМУ мен ҚХАА медиация кеңесінің 2023 жылдағы жұмысының қорытындысы шығарылып, алдағы жылға арналған жұмыс жоспарлары айтылды.
Келесі болып күн тәртібінде медиация кеңесінің төрағасын қайта сайлау өтті. Кеңес мүшелерінің бірауыздан қабылданған шешімімен төрайым болып кәсіби медиатор-тренер Мадиева Гүлнар Серікқызы сайланды. Сонымен бірге, Кеңес мүшелерінің бірауыздан шешімімен Оспанова Дариға Қазбекқызы (Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы) және Наталья Михайловна Нагачевская («Ақмола облысының поляктар одағы» ҚБ төрайымы) құрамға кірді.
Іс-шара соңында медиация саласындағы іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін «Қоғамдық Келісім» КММ басшысы Нұғманов Е.Б. атынан Нұрманова Ғ.А., Оспанова Д.Қ., Мадиева Г.С. Алғыс хаттар табыс етілді.

Аналар кеңесінің отырысы

Достық үйінде 3 қараша күні Ақмола облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің Көкшетау қалалық бөлімінің кеңейтілген отырысы өтті.
Аналар кеңесі жұмысының негізгі бағыты – елімізде жүргізіліп жатқан отбасылық-демографиялық саясатқа қолдау көрсете отырып, отбасы институтын сақтау мен нығайтуға ықпал ету, әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелерін шешуге, ұлттық құндылықтарды, дәстүрлерді жаңғыртуға қатысу болып табылады.
Жиында сөз алған қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Нәйла Сейдалина мектептерде аталған ұйымдарды құру мәселесін ортаға салды. Кездесуге қатысқан қала мектептерінің өкілдері осы бастаманы қолдап, алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарларын талқылады.

Президент кеңесшісімен кездесу

29 қазанда “Қоғамдық келісім” КММ-де ҚР Президентінің кеңесшісі М. Н.Отарбаевтың Көкшетау қаласының қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесуі өтті. Оған ҚХАА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшылары қатысты.

Мәлік Нұржанұлы Мемлекет басшысының елдің саяси және экономикалық өмірін жаңғыртуға, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған реформалары туралы айтып берді. Кездесу барысында қатысушылар Президенттің реформаларына қолдау білдіріп, елордалық облысты одан әрі дамыту жөнінде тілектерін білдірді.

 

Қажымұқанға 150 жыл

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде “Қоғамдық келісім” КММ-де Қажымұқан Мұнайпасовтың 150 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция онлайн форматында өтті. Оған ғалымдар, қоғам қайраткерлері, спорт жұртшылығының, Түркия, Ресей, Қытай, Швеция, Моңғолия, Қазақстан қазақтарының дүниежүзілік ұйымының өкілдері қатысты.

Ұйымдастырушылар: Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы және Қазақстан қандастарының Ақмола филиалы. Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Н.Т. Қажымұқанның қазақстандық спорт тарихындағы рөлі мен орнын атап өтті.

Шетелдік қатысушылар өз сөздерінде Қажымұқан Мұнайпасов бірегей спортшы ретінде тек қазақстандық қана емес, әлемдік спорт тарихында із қалдырғанын атап өтті. Көптеген ұрпақтар үшін Отанға шексіз қызмет етудің үлгісі бола отырып, ол майданның қажеттіліктері үшін ұшақ сатып алумен де есте қалды…

Оның есімі Қазақстандағы мыңдаған стадиондар, көшелер. Мысалы, Мұңайтпасов атындағы көше мен Алматыдағы мектеп-интернат, оның құрметіне Нұр-сұлтан қаласының көшелерінің бірі мен Орталық стадионы, Көкшетау қаласындағы спорт кешені, Түркістан облысында мұражай ашылды және т. б.

Конференцияға қатысушылар Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмір жолы — Отанға, сүйікті спорт түріне қалтқысыз қызмет етудің үлгісі және ол халық жадында ұлттық қаһарман және өскелең ұрпаққа өшпес үлгі болып қала береді деген ортақ пікірге келді

Жолдауды Талқылады

 3 қыркүйекте “Қоғамдық келісім” КММ-де ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Оған Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері, Көкшетау қаласының жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

 ҚХАА мүшелері – “Санги-Кабуд” Тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы У.Ф. Шоназаров, “Қазақ тілі мен мәдениеті” ҚБ төрағасы М. К. Қиықов, “Лад “славян қозғалысы” РҚБ төрағасы М. Б. Крамаренко Жолдаудың негізгі ережелеріне түсіндірме берді.

Талқылау барысында дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасып, Жолдауды жүзеге асыру бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Дөңгелек үстел барысында этносаралық келісімді, Қазақстан халқының бірлігін нығайту, ел үшін қажетті мамандарды даярлау, мемлекеттік тілді үйрену, ұлт денсаулығын нығайту, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру сияқты тезистер айтылды.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысының блогына қош келдіңіз

Нугманов Ермек Бекенович

Біздің сайттың құрметті қонақтары!

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекеме сайтына қош келдіңіз! Біздің мекеме этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету және оның іс – шараларын өткізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады. Біздің сайт сізге білім беру жүйесі мәселелері бойынша қажетті ақпаратты іздеу уақытын айтарлықтай қысқартып, нақты көмек көрсетеді деп үміттенеміз.

Біз сіздермен облысымыз бен бүкіл тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі үшін өзара тиімді ынтымақ тастыққа дайынбыз! Сіз өзіңізді қызықтырған сұрақтар қойып, құзыретті жауаптар ала аласыз.

Барлық бастамаларыңызға табыс және сәттілік тілейміз!


Өмірбаяны

Туған күні: 20.09.1957 ж

Туған жері: Қазақ КСР; Ақмола облысы; Алексеевка ауданы; Байлості ауылы

Отбасы жағдайы: үйленген, үш баласы бар

Тілдерді білуі: Қазақ, орыс

Білімі, мамандығы (біліктілігі):  Целиноград ауылшаруашылық институты (1982) «ғалым-агроном» мамандығы бойынша

Еңбек қызметі

Совхоз механизаторы (1975);

Агроном-есепші, аға экономист, бригадир, аға, бас экономист (1979-1993);

Экономика басқармасының бастығы – Көкшетау ауданы әкімшілігі басшысының, әкімнің орынбасары, әкімінің бірінші орынбасары (1993-1997); Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары (1997-2004);

Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы  басқармасының басшысы (07.2004-10.2004);

Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімі (10.2004-09.2007);

Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімі (09.2007-04.2012);

Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары (07.2012-06.2014);

Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімі (06.2014-2018);

Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімі (04.2018 -10.2020)

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы (2020 жылдың қазан айынан бастап)

Мемлекеттік және халықаралық наградалары: Құрмет ордені

Медальдар: «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл»

Ассамблеядан шыққан депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктелген


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде бірнеше рет атап өткендей, Қазақстан халқы Ассамблеясы және ҚР Конституциясы – бұл тұрақтылықтың, жаңғырудың және өркендеудің іргетасына айналған екі ұлы құндылық.

Бүгінде Қазақстанның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлігінің үлгісі – әлемнің көптеген елдері үшін лайықты үлгі. Кейбір елдерде халықтар достығы мен олардың бір аумақта бейбіт өмір сүру мәселелері қазір ерекше өткір сауал саналады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің азаматтық қоғам моделіміздің беделін ел ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де арттыру үшін құрылған.

А. ж. 11 желтоқсанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерге бүгіндері үлкен жауапкершілік жүктелген. Олардың ең негізгілеріне ҚХА қоғамдағы беделін, оның этносаралық қатынастар саласындағы жанжалды жағдайларға жол бермеу және қоғамдық тұрақтылықты нығайтудағы рөлін арттыру жатады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар арасында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының өкілі, жастардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу, олардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін, өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін жетілдіру істерінде тығыз ынтымақтастық жасайтын тәжірибелі педагог Дементьева Наталья Григорьевна бар екенін естіп, қатты риза болдым.

Лим Людмила,
Ақмола облысының
«Чинсон» кәріс этномәдени орталығы»
ҚБ төрайымы