«Ассамблея. Парламент. Депутаттар»

«Ассамблея. Парламент. Депутаттар» жобасы аясында Достық үйінде ҚР Парламентінің депутаттары Н.Г. Дементьева мен А.Е. Мусралимованың Ақмола Ассамблеясының өкілдері және мәслихат депутаттарымен кездесуі өтті.
Кездесу басында Айна Ермекқызы мен Наталья Григорьевна Парламент қабырғасында жүргізіліп жатқан заң шығару жұмыстары туралы айта отырып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, отырыста қоғамдағы ойынқұмарлық, есірткіге тәуелділік, діни экстремизм сияқты көкейтесті мәселелер туралы және осындай зиянды кеселдерден арылу жолдары талқыланды.
Сындарлы және іскерлік пікір алмасу барысында жиналғандар қоғамдағы бірлікті, өзара түсіністікті, келісім мен ынтымақтастықты нығайту – мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі болатыны даусыз екенін айтты.