ZOOM платформасы арқылы онлайн – семинар өтті
2024 жылдың 19 қаңтарында сағат 11.00-де ZOOM платформасы арқылы өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері үшін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру тәртібін түсіндіру бойынша онлайн – семинар өтті.
Семинар ҚХА-ның 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ елдегі саяси реформаларды түсіндіру бойынша сарапшыларды даярлау жөніндегі республикалық әдістемелік орталықтың қызметі аясында өткізілуде.
Іс шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық құрылымдарының, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, мемлекеттік органдар және т.б.
Онлайн семинар барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, «Алматы қаласының Түркімен қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, экономика ғылымдарының кандидаты Аннакулиева Гүлнара Атаевна, жеке тұлғаларды басқару және жалпы декларациялау бөлімінің бас маманы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Анарқұлова Нұржамал Ғалиқызы мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан салық саясаты туралы баяндады.