ҚР Президентінің кеңесшісі Отарбаев М.Н. Ақмола ассамблеясының ЭМБ мен ҚҚ басшыларымен кездесті
Достық үйінде ҚР Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшыларымен кездесті.
Кездесу басында Мәлік Нұржанұлы көктемгі су тасқыны кезінде бірлік пен ұйымшылдық үлгісін көрсеткен Ассамблея мүшелеріне Президенттің алғысын жеткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінің басты қағидаттарына тоқталып, келесі құрылтай Көкше жерінде өтетінін айтты. Халқымыздың мәдениет деңгейін көтеруде елімізде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығына тоқталды. Жастарды Ассамблея қатарына тарту, ақпараттық жұмыс және Ассамблеяның жұмысын өңірлік деңгейде күшейту туралы айтты.
Іскерлік атмосферада өткен кездесу барысында қатысушылар Ассамблеяның жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау және нығайту жөніндегі қызметін сапалы жақсарту жайлы өз ұстанымдарын білдірді.