Қазақстан халқы Ассамблеясының үндеуі
Құрметті отандастар!
Бүгін бүкіл Қазақстан халқы «қайғылы қаңтар» оқиғасының салдарын жоюда күш біріктірді.
Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың табанды және уақытылы жүзеге асырған шешімдерінің, сондай-ақ қазақстандықтардың бірлігі мен татулығының арқасында біз тарихымыздағы күрделі кезеңді еңсере алдық.
Осы күндері Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Президентпен, халықпен бірге болып, бүгінде қалпына келтіру жұмыстарына белсенді қатысуда.
Сондай-ақ «қайғылы қаңтар» сабақтары бізді ел дамуының болашақ бағдарын терең ұғынуға міндеттеді, күнделікті өмірімізде «Бейбітшілік», «Бірлік» және «Қоғамдық келісім» сияқты басты құндылықтар қоғам өркендеуінің іргелі негіздері болып табылатынын айқын көрсетті.
Құрметті қазақстандықтар!
Бүгінде біз әлеуметтік әділеттілік, халықтың әл-ауқаты және қоғамдағы бірлік пен қауіпсіздікті нығайту маңызды рөл атқаратын жаңа Қазақстанды құру қарсаңында тұрмыз. Біз еліміздің экономикасын, саясатын, әлеуметтік саласын терең құру процесіне – жаңа Қазақстанды құру мен дамыту кезеңіне аяқ басудамыз.
Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Президенттің осы маңызды және уақтылы бастамаларын толық қолдаймыз және ортақ күш-жігерімізбен елімізді бұдан да қуатты және гүлденген елге айналдыратынымызға нық сенімдіміз.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылды, бұл ұйым денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт сияқты салаларда Қазақстан халқына әлеуметтік көмек көрсету бойынша міндеттерді орындайтын болады.
«Қазақстан халқына» әлеуметтік қоры – бұл біздің ортақ әлеуметтік жауапкершілігіміздің жалпыұлттық институты деп есептейміз.
Біз – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, елдегі бейбітшілікті, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы жауапкершілікті сезіне отырып, Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құрудағы жүйелі бастамаларын іс жүзінде орындауда барлық азаматтарды топтасуға шақырамыз.
Отанымыздың тарихындағы осы жауапты кезеңде әрқайсымыз Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы – бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтайтындығына кәміл сенеміз!
Жаңа Қазақстанды Бірге құрайық!