«Адал азамат» жобасы
9 желтоқсан күні Бурабай ауданының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бейсенов Өтелбай Төлеуұлы №9 мектептің оқушыларымен «Адал азамат» жобасы аясында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Өтелбай Төлеуұлы адалдық, әділдік және жауапкершілік секілді адами құндылықтар туралы өз ойларымен бөлісіп, жастарды отансүйгіштікке, ізгілікке тәрбиелеу мәселелерін қозғады. Ол өзінің өмір жолынан мысалдар келтіре отырып, адал азамат болудың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар оқушыларға ақыл-кеңестер беріп, оларды білімге, еңбексүйгіштікке және қоғам игілігі үшін еңбек етуге шақырды.
Кездесу еркін форматта өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық диалог құрды. Бұл шара жас ұрпақтың рухани дамуына ықпал етіп, олардың саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосатыны сөзсіз.