Достық үйінде «Игольница» тақырыбында шеберлік сағаты өтті

Достық үйінде Ақмола ассамблеясының сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен бискорню әдісімен «Игольница» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Елена Михайловна Тарасова өз тәжірибесіндегі шеберлік өнерімен бөлісті.
Бискорню – француз тілінен аударғанда «біртүрлі», «біркелкі емес», «пішінсіз», «қисық» деген мағынаны білдіреді. Бұл өнердің түрі Францияда жоғарғы таптың ойын-сауық ретінде пайда болған.
Бастапқыда қолөнердің осы түрі дамып, барған сайын безендіріліп, өзгертіле бастады. Осылайша, бискорню интерьерді безендіру үшін де, түпнұсқа аксессуарлар ретінде де қолданыла бастады.