Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарих, мәдениет, тіл, әдебиет» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарих, мәдениет, тіл, әдебиет» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Біздің Қазақстан – түрлі этникалық топтар мен ұлыстар бейбіт қатар өмір сүретін елде тұратынын әрбір азамат саналы түрде түсінетін бірегей мемлекет.
17 мамырда «Ел бірлігі» жобасы аясында Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарих, мәдениет, тіл, әдебиет» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймульдинов, «Қазақстандық татар және башқұрт конгресі» РҚБ басқарма төрағасы Тауфик Кәрімов, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин, ғалымдар, Ресей, Ақмола және көрші облыстардың оқу орындарының оқытушылары, этномәдени бірлестіктер мен жұртшылық өкілдері қатысты.
Достық Үйінің фойесінде Қазақстанның, Ақмола облысының және Көкшетау қаласының татар жазушылары мен журналистерінің кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Пленарлық отырыстан кейін конференция жұмысы «Тарих және мәдениет», «Тіл және әдебиет» атты екі секция бойынша жалғасты , онда қатысушылар мен онлайн режимде қатысқан Қазақстан мен Ресейдің 12 қаласынан 23 университет, ғылыми орталықтар мен ұйымдарының ғалымдары татар этносының тарихы мен бүгінгісі туралы өз баяндамаларын ұсынды және ғылыми зерттеулер саласында теориялық және практикалық тәжірибелерімен алмасты.
Өткен конференция тек бірлік, достық пен өзара түсіністік ғана еліміздің шынайы байлығы мен игілігінің кепілдігі және Қазақстанның басты мақтанышы – оның біртұтас шаңырақ астында бейбіт өмірде тұрып жатқан тату халқы екенін тағы да растады.