Дөңгелек үстел өтті
26 сәуір күні Достық үйінде Ақмола облыстық КХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Г. М. Әкімова, бас маман Д. А. Гаврилов, адвокаттар К. А. Ахметова және Г. К. Жақыпованың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесу барысында «Адвокаттық қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес жеке тұлғаларға алимент өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, оңалту, қандас мәртебесін алу және басқа да мәселелер бойынша тегін заң көмегін көрсету туралы түсініктемелер берілді.
Құқықтық кеңес беру шеңберінде кеңес беруді адвокаттар К. А. Ахметова және Г. К. Жақыпова жүргізді.