«Жастар-елдің тірегі, үкілі үміті» атты дөңгелек үстел өтті
Бүгін Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де қала мектептерінің жас ұстаздары мен ел қазынасы ақсақалдардың басын қосқан «Жастар-елдің тірегі, үкілі үміті» атты дөңгелек үстел өткізді.
Жастар – қашанда асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы және еліміздің болашағы екені даусыз.
Кездесу барысында сөз алған ақсақалдар кеңесінің мүшесі, «Қазақ тілі және мәдениеті» ҚБ төрағасы Қойшин Марат Молдашұлы, Ақмола облысы Ауған соғысы ардагерлер одағының төрағасы, облыстық маслихат депутаты Ыбырай Дуанбай Кәзібайұлы, «Қоғамдық келісім» КММ ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Сейтмағамбет Қайырбай Мажитұлы еліміздің өркендеуі жастарға байланысты екенін баса айтып, халқымыздың салт-дәстүрін сақтауға шақырып, ұлттық тәрбиенің құндылықтарын дәріптеді.
ҚХАА жанындағы аналар кеңесінің кураторы Райхан Екпіндіқызы кеңес жұмысы жайлы ақпарат берсе, Көкшетау қаласы құрылыстық-технологиялық колледжінің оқытушысы Алена Малькова-Солопова мемлекеттік тілді дамыту, оны этнос аралық қарым-қатынас тілі ретінде қалай қолданып жүргенін айта келе, жастарды еліміздің патриоты болуға шақырды.
Дөңгелек үстелге қатысқан жас ұстаздар біздің қоғамдағы жастардың рөлі мен орны жайлы өз ойлырын ортаға салып, кездесу соңы ашық пікір алмасуға ұласты.