Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік тақырыбы бойынша ашық дәріс өткізілді
А.ж. 9 сәуір күні Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы базасында Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік тақырыбы бойынша ашық дәріс өткізілді. Лекторлар есебінде «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Умар Шоназаров пен «Ақмола облыстық «Хатиква» еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владлен Погребицкий сөз сөйледі.
Дәріс басында студенттерге Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қызметі туралы ақпараттық бейнефильм көрсетілді, содан кейін дәріскерлер Ted стилінде өз баяндамаларын жалғастырды.
Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлік пен этностық дәстүрлерді сақтау, азаматтардың діни, тектік-топтық, ұлттық қатыстылығы бойынша құқықтық қорғалуы, сондай-ақ осы бағыттағы ҚХАА қоғамдық құрылымдарының қызметі студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды.