«Мәміле» мемлекеттік тілді дамыту клубы ашылды
Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында «Қоғамдық келісім» КММ-де «Мәміле» мемлекеттік тілді дамыту клубы ашылуы өтті.
Клубтың негізгі мақсаты кәсіби сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту, қазақ тілінде сөйлеу және тіл деңгейін одан әрі арттыру болып табылады.
Клуб қазақ тілінің болашақ филологы, «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының жетекшісі Милана Тарасованың бастамасымен құрылды.
Милана өзінің мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасын таныстыра отырып, оның әдістемесі ең алдымен тыңдаушылардың ауызекі сөйлеуін дамытуға, қазақ халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, менталитеті мен құндылықтар жүйесін білу призмасы арқылы қазақ тілін үйренуге бағытталғанын атап өтті. Оның сабақтарына белгілі бір тақырыпта жұмыс істеу, талқылау, жаңа сөздер мен сөз тіркестері мен танысу, тексеру және бақылау тапсырмаларын орындау кіреді.
Курс тыңдаушылары жасына, ұлтына қарамастан, мемлекеттік тілді меңгерудең кейін көтергісі келетін барлық тілек білдірушілер бола алады.
Клубтың ашылуына Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Алпыс Бекенов, Мемлекеттік тілді оқыту әдістемелік орталығының директоры Қуаныш Қажиахметов қатысып, сөз сөйледі.
Клубқа «Қоғамдық келісім» КММ басшысы өз тілектерін білдірді.
Ермек Нұғманов, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Марат Қойшин, Ақмола облысы татарлар мен башқұрттар бірлестігінің төрағасы Рафаил Сулькарнаев, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бекжан Ақансері.
«Мәміле» мемлекеттік тілді дамыту клубы апта сайын сенбі күні облыстық Достық үйінде жұмыс істейтін болады.