Корей мерекесі-Соллал.
Ақмола облысында бір жарым мың корей тұрады. Олардың барлығы Қазақстанда туып-өскен. Олардың көпшілігі аралас некеде тұрады. Біздің корей диаспорасының рухы халықаралық, сондықтан олар өздерін қазақстандықтар ретінде санайды. Бірақ сонымен бірге олар өздерінің тарихи отандарын ұмытпайды, тілдерін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтауға тырысады. Бұған оларға облыстық Достық үйінде жұмыс істейтін “Чинсон” корей этномәдени орталығы көмектеседі. Этномәдени бірлестіктің дамуына, жаңа серпін беруіне, оның жұмысын жандандыруға жақында белсенді жаңа төрайым Лян Ольга Мироновна келді.
Көкшетаулық корейлер корейлік Жаңа жыл-Соллалды бірге тойлау үшін шақыртулар алып, жайлы кафеге жиналды. Көптеген әйелдер ұлттық киіммен келді. Кеште корей музыкасы, әндер және жас қыздардың орындауында билер орындалды. Қатысушылар бір-бірін мерекемен құттықтап, құрмет белгісі ретінде шағын сыйлықтар сыйлады.
Кеш қызықты конкурстар және ойындардың ұйымдастырылуымен көңілді өтті. Адамдар мұндай мерекелерді көптен бері сағынған. Сондықтан ЭКО басшысы Ольга Лянның атына корей этносының мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауға бағытталған іс-шараларды жиі өткізу жөніндетілектер мен алғыс сөздер айтылды. Ал үлкендер барлық жастарды “Чинсон”этномәдени орталығының қызметіне белсенді қатысуға шақырды.