Жапонияның Химедзи қаласында пауэрлифтингтен Азия және Мұхит аралдары чемпионаты өтіп жатыр.
Жарыс қорытындысы бойынша жерлесіміз Малькова-Солопова А.Ю. 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атағын жеңіп алды.
Алена қарындасымыз сан қырымен танылып жүрген тұлға. Алена Юрьевна қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысады, ол Ақмола облыстық ассамблеяның, “Ассамблея жастары” республикалық қоғамдық бірлестігінің өңірлік өкілдігінің мүшесі және мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының белсендісі болып табылады.
Аленаны жарыстағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!!!
Жеңісті күндерің көп болсын!