Достық үйінде ҚХАА жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Одағының «Сәндік-қолданбалы өнер арқылы – ассамблея тарихы» атты Қазақстан Халқы Ассамблеясыының 30 жылдығына арналған сәндік-қолданбалы өнер шеберлері фестивалі өтті
Онда сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының қолөнер көрмесі, «Шығармашылық идеялардың түйіні – 30 жыл бірге» ҚХА 30 жылдығына орай арнайы дайындалған макеттің тұсаукесері, шеберлерді марапаттау және ұлттық киім үлгілерінен дефиле көрсетіліп, концерттік бағдарламамен жалғасты.
Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының мүшелері, Аналар кеңесінің мүшелері, қала тұрғындары қатысты.
Өнер – өмір өрнегі, ал қолөнер –халықтың қазынасы. Өйткені, халықтық сәндік – қолданбалы өнер – әлемдік көркем мәдениеттің негізі, даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар қөзі. Тәлім–тәрбиеге толы, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын осы қайнар көздің жалғастырушысы – біз, тәуелсіз елдің бақытты азаматтары