Бүгін Наурыз мейрамына орай, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен қазақ халқының және этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдар көрмесі өтті.

Бүгін Наурыз мейрамына орай, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен қазақ халқының және этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдар көрмесі өтті. Іс-шараға Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжанов қатысып, жиналғандарды Наурыз мейрамымен құттықтады.
Мереке дәстүрлі әнші С. Хасеновтың «Арнау» жырымен басталды. Делегацияны этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары ән мен бидің мерекелік көрінісімен қарсы алды.
Киіз үйде қазақ және 13 этномәдени бірлестік өз халқының ұлттық тағамдарын ұсынды. Қатысушылар қазақ, орыс, татар-башқұрт, неміс, корей, армян, өзбек, еврей және басқа да этностардың асханасымен танысты.
Мерекелік шара барысында «Ғалиябану», «Русская песня» ансамбльдері, жеке орындаушылар және іс-шараға арнайы шақыртумен Түркістан облысынан келген «Ғунча» ансамблі ұлттық әндер орындап, ерекше өнер көрсетті.
Наурыз – бірлік пен берекенің символы!
Бұл мейрам халқымыздың достығы мен мәдени байлығын паш етіп, рухани сабақтастықты нығайтады.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Top