Биыл еліміз үшін ерекше жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Үш

Үш онжылдық ішінде Ассамблея бейбітшілік пен келісімді нығайтуда, ортақ мақсатымыз – тәуелсіз әрі гүлденген Қазақстанды құруда маңызды рөл атқарып келеді.
Бүгін Достық үйі жанындағы «Халық Достығы» скверінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ҚХАА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдары өкілдерінің қатысуымен «Жасыл Ассамблея» шара барысында 30 көшет отырғызылды. Әр көшетке елімізде жасампаздық бірлігі жарасқан әр этностар тілінде «Рахмет» сөзі жазылған ленталар байланды.
Бұл іс-шара қоғамдық санада халықтың экологиялық жауапты мінез-құлқын және табиғатқа ұқыпты қарауды дамыту бойынша ұғымды қоғамда ілгерілетуге қызмет ететіні сөзсіз.

Top