«Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы

Биыл алғаш рет этносаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту мақсатында «Ел бірлігі» этносаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясындағы өңіріміздің этномәдени бірлестіктері арасында гранттар бөлінген болатын.
Аталған жоба аясында ҚХАА Ақмола облысының орыс, славян және казак қауымдастығы осы жыл барысында қазақ ұлттық тағамдарын, өзбек этномәдени бірлестігі қазақ халқының салт-дәстүрлерін, «Ақмола облысының поляктары» бірлестігі қазақ киімдері үлгісін насихаттау бағытында ауқымды жұмыстар атқарып, іс-шаралар өткізген болатын.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының м.а. Сабырхан Кенжебаев Ұлы дала елінің ұлық мерекесі, елдігіміздің тұмары – Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, Ақмола облысының орыс, славян және казак қауымдастығы, өзбек этномәдени бірлестігінің және «Ақмола облысының поляктары» этномәдени бірлестігінің басшыларына 1 000 000 теңге гранттар сертификатын табыс етті.