Қазақстан халқы студенттер Ассамблеясының бірінші отырысы
Бүгін Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан халқы студенттер Ассамблеясының бірінші отырысы өтті. Оған Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, «Ассамблеясы жастары» РҚБ Ақмола өкілдері, БАҚ өкілдері, студенттік Парламент мүшелері, оқытушылары мен ЖОО қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің басшысы А.К. Раев студенттерге ҚХАА қоғамдық құрылымдарының қызметі туралы айтып берді. Этносаралық шиеленістер мен жанжалдардың туындауының алдын алу мақсатында қатысушыларға этносаралық қатынастар саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жеткізілді. ҚР ҚК 174 және 180-баптары бойынша жауапкершілік, этномедиацияның этносаралық жанжалдарды шешудегі рөлі, сондай-ақ қоғамдық келісім мен азаматтық бірегейлікті нығайту жөніндегі тиісті ақпарат түсіндірілді.
Осыған орай, «Ассамблея жастары» РҚБ Ақмола өкілдігінің төрағасы М.И. Давранов және оның орынбасары Я.А. Крючек сөз сөйлеп, «Ассамблея жастары» РҚБ қызметі туралы айтты.
Қортынды бойынша, Студенттер ассамблеясының құрамы бекітілді. Студенттер ассамблеясының мүшелері балама негізде бірнеше кандидаттардың ішінен студенттер Парламентінің құрамына кіретін Төраға, сондай-ақ оның орынбасары сайланды.
Жаңа студенттік ұйыммен алғашқы кездесуде ҚХАА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, Көкшетау Ш. Уәлиханов атындағы университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Капышев А. К. модератор болды.