Қазақстан халқы Ассамблеясының «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» жобасы

8 қазанда Ақмола облысына ҚХА төрағасының орынбасары Лугмар Буларов және ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймульдинов келді.
Сапардың мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» жобасын іске асыру. Лугмар Харкиевич және Қайрат Дүйсембайұлы Достық үйінің жұмысымен танысып, жобаның мақсаты, мемлекет пен қоғамның өзара сенім мәдениетін, жалпыұлттық құндылықтарды, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетудің маңыздылығы, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту туралы әңгімеледі.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілі, саясаттанушы Руслан Тоқатов Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшыларымен, мемлекеттік қызметшілермен, денсаулық сақтау мекемелерінің, құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлерімен және мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлермен тақырыптық семинар-тренингтер өткізді.