Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Этносаралық шиеленістер мен жанжалдардың туындауының алдын алу мақсатында Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы КММ «Қоғамдық келісім» талдау және ақпарат бөлімінің басшысы А.К. Раев және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы М.З. Өтегеновпен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, кездесу университет жатақханасында өтті.
Кездесу барысында студенттерге этносаралық қатынастар саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жеткізілді, ҚР ҚК 174 және 180-баптары бойынша жауапкершілік, этномедиацияның Этносаралық қақтығыстарды шешудегі рөлі, сондай-ақ қоғамдық келісім мен азаматтық бірегейлікті нығайту бойынша тиісті ақпарат түсіндірілді