«Жүректен жүрекке» акциясы жалғасын табуда

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылған «Жүректен жүрекке» акциясы аясында Астрахан ауданына су тасқынынан зардап шеккендерге азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, гигиена заттары және жылы киім түрінде 1,0 млн.теңге сомасына 2 тонна жуық гуманитарлық көмек жүктері жөнелтілді.
Аталған жүкті автомашинаға тиеуге «Жастар рухы» қозғалысының еріктілері мен №5510 әскери бөлімшесінің сарбаздары қолқабыс жасады.