Біржан сал ауданындағы «Достық дәмі» фестивалі
Ағымдағы жылы «Қоғамдық келісім» КММ-і облыстық өлкетану мұражайымен бірлесе Ақмола облысында тұратын қазақ халқы мен этностарының мәдениетін, рухани дәстүрлерін сақтау мен насихаттауға және мәдениетаралық дамытуға бағытталған «Достық дәмі» жобасын іске асыруда.
Жобаны іске асыру аясында 23 тамыз күні Біржан сал ауданында іс-шара ұйымдастырылды.
Осы ауданның Мақпал ауылында соғысқа дейін Қазақстанға жер аударылған 12 мордвин отбасы тұрады. Елде өмір сүрген 80 жыл ішінде олар қазақстандық қоғамға кірігіп, жергілікті халықтың тілін, оның дәстүрлерін үйреніп, басқа этностармен татулық пен келісімде өмір сүреді.
Аудандық өлкетану мұражайында мордвин өкілдері ұлттық тағамдар ұсынып, қазақ және мордвин тілінде тамылжыта әндерін шырқады. Содан кейін Бадун Зоя Николаевна мен Глинова Федосия Владимировна, екеуінің де 14 немересі бар, «Бесікке салу» рәсімін көрсетті.
«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ермек Нұғманов өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, облыстық Достық үйінің аймақта тұратын этностардың тілі, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау, достық пен келісімді нығайту жөніндегі қызметі туралы айтып берді.
Бұл тақырыпты облыстық ассамблея мүшесі, аудандық «Еңбекшілер жаршысы» газетінің редакторы Василий Устьянцев жалғастырды.
Іс-шара барысында Қазақстанда бейбітшілік пен достықты нығайту туралы әңгіме болды, түрлі этностардың адамдары ана және мемлекеттік тілдерде сөйлеп, ән айтты. Аудандық мәдениет бөлімінің әдіскері Людмила Шелкунова мемлекеттік тілде «Атамекен» әнін нақышына келтіре орындап берді. Қонақтар сәндік-қолданбалы өнер көрмесін аралап, мордвиннің ұлттық тағамдарынан дәм татты.
Шара соңында белсенді қатысушылар «Қоғамдық келісім» мекемесінің алғыс хаттарымен марапатталды.