«Қазақ мәдениетінде, әдебиетте отбасы бейнесі»
Бүгін Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы “Қоғамдық келісім” КММда «Қазақ мәдениетінде, әдебиетте отбасы бейнесі» атты Отбасы күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті.Аталмыш шараны ҚХАА жанындағы «Аналар кеңесі» мен «Ассамблея жастары» ұйымдастырды.
Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арқасында мемлекет те өркендейді, халықтың әл – ауқаты жақсарады.
Мерекелік кешке 50 жыл отасқан, 3 баладан, 11 немере, 1 шөбере сүйіп отырған бақытты отбасы, Алтын шаңырақ иелері Есмағұловтар әулеті, 30 жыл отасқан Күміс кереге иелері Жазиевтар әулеті, 10 жыл отасқан Жас отау иелері Молдахметовтар әулеті қатысты.
Әсем ән, күмбірлеген күймен көмкерілген іс-шара соңында өздерінің көркем мінездері, ұлттық құндылықтарды сақтап саналы да сауатты ұрпақ тәрбиелеп отырған үлгілі отбасыларға «АЛТЫН ШАҢЫРАҚ», «КҮМІС КЕРЕГЕ» және «ЖАС ОТАУ» номинациялары табысталды.