«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»
Бүгін Достық үйінде Ақмола облысы ардагерлер кеңесінің Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауын талқылау бойынша пленумы өтті.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Нұғыман отырысты ашып, баяндама жасады, кеңеске қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, ҚХАА хатшылығының меңгерушісі Сабырхан Кенжебаев ардагерлерге облыс әкімінің Халықаралық қарттар күнімен құттықтауын жеткізді.
Аудандардан келген Ақмола ҚХА Ақсақалдар кеңесі мүшелері қатысқан жиында Жолдауды жүзеге асыруда ардагерлердің міндеттері жайлы жан-жақты сөз қозғалып, алдағы уақыттағы жұмыстың басты бағыттары бекітілді.