Этномәдени бірлестіктер басшыларымен кездесу
Бүгін Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева аймақтарды аралау барысында Ақмола ассамблеясы этномәдени бірлестіктер басшылары және «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Дөңгелек үстел басында Наталья Григорьевна Парламентте есірткімен күрес туралы, ойынқұмарлық, алаяқтық жайлы және денсаулық сақтау мен білім беру саласына қатысты қабылданған заңдар туралы баяндап, алдағы жұмыс жоспары жайлы хабарлама жасады.
Іс-шараға қатысқандар депутатқа өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.