Еліміздің болашағы-аналардың қолында!

А. ж. 5 қараша күні ZOOM платформасында онлайн режимінде «Отбасы – Отанның байлығы, аналар – оның ары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оған облыстық және аудандық Аналар кеңестерінің мүшелері, ҚР ІІМ ТЖК КТИ әйелдер кеңесінің және Ақмола облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.

Алдымен қатысушылардың назарына облыстық Аналар кеңесінің қызметі туралы бейнеролик ұсынылды.

Дөңгелек үстел спикерлері  ретінде:

  • Атбасар аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Қомбатырова Ұлболсын Даниярқызы «Отбасымыздағы ананың орны» тақырыбында;
  • Степногорск қ. Аналар кеңесінің төрайымы Абрицова Елена Петровна «Білім беру алаңы – «Отбасы академиясы» тақырыбында;
  • Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінің 2 курс студенті, «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының мүшесі Соколова Анжелика «Қыздарды ұлттық үлгіде тəрбилеудегі қазақ тілінің рөлі» тақырыбында сөз сөйледі.

Іс-шара аса мазмұнды болып, барлық қатысушылар талқыланған тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты. Дөңгелек үстел онлайн режимде өткеніне қарамастан, барша қатысушылар бір дастарханға жиналып, ашық әңгіме барысында өзекті мәселелерді талқылағандай жылы қарым-қатынас сезімі ұялады.

Аналар кеңестері өздерінің белсенді өмірлік ұстанымдарын тағы да растап, отбасындағы тәрбиеге көп көңіл бөлінетінін, бұл олардың жұмысының маңызды құрамдас бөлігі екендігін көрсете білді. Ақмола облысының әйелдері бізге уақыт талап етіп отырған жағдайларға қарамастан, әрдайым алдыңғы қатарда болып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және сақтауға ықпал етіп, қазақстандық қоғамдағы отбасының оң рөлін өзінің үлгісімен дәлелдеп, жастарды халқымыздың үздік дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары рухында тәрбиелеуге бар күштерін салатындары анық.

Аналар кеңестері қашанда әлемге жақсылық әкелетін ізгі амалдар жасап, жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім ісіне жанқиярлықпен қызмет етеді.