Ассамблеяның экологиялық акциясы

А. ж. 2 маусымы жарқын да шуақты күн болды. Таңертең облыстық Достық Үйінің жанында жиналған адамдар Ақмола КХА жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қолдан жасалған көрмені тамашалады.Ұлттық аспаптар орындауында мерекелік күй шырқалады. Скверде этномәдени бірлестіктердің басшыларын, «Ассамблея жастары» бірлестігінің, мемлекеттік органдарының өкілдерін қазақтың «Шашу» дәстүрі бойынша ұлттық киімдегі әйелдер қарсы алды.

ҚР Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық мәдени орталығының бастамасымен «Қоғамдық келісім» КММ аумағында «Бірлік» сквері ашылды. Ол ортақ шаңырақ астында барлық этностардың бірлігінің символына айналып, олардың бірлескен еңбегінің, әркімнің ел дамуына қосқан үлесінің бейнесі болады. Оның орталығында ұйымдастырушылар эко-киіз үй орнатты.

Осы орайда салтанатты шарада облыстық мәслихат депутаты, тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Омар Шоназаров, облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Сабырхан Кенжебаев сөз сөйледі.

Әрі қарай қонақтар мен шақырылғандар ағаш отырғызуға қатысты.