Целиноград ауданы Аналар кеңесінің форумы өтті
Аталмыш іс-шараға облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Жазиева А.С., төрайымның орынбасары А.Қ.Жахина, «Қоғамдық келісім» КММ маманы А.Ө.Шалабаева қатысты.
Форумның жұмысына Целиноград ауданы ауылдық округтерінің Аналар кеңестерінің төрайымдары мен белсенді мүшелері ат салысты.
Форум барысында Қоянды, Жаңаесіл, Қызылсуат, Мәншүк ауылдарының төрайымдары атқарылған жұмыстары жайында есеп берді.
Баяндамашылар тыңдалған соң, қатысушылар көркемөнерпаздардың өнерін тамашалады.
Сонымен қатар Форум өткен залда қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылған.
Биыл Целиноград ауданының 95 жылдық тойы болғандықтан, еңбегі сіңген аналарға мерейтойлық медальдар табысталды. Сонымен қатар, осы Форум жұмысына белсенді қатысқан нәзік жандарға «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Б.Нұғымановтың алғыс хаттары мен гүл шоқтары берілді.
Форум жұмысына Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Алма Айтқожинова қатысты.